Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
АСТАНА, 28 ақпан – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп Украинадағы қақтығысты реттеуге жақындап қалғанын айтты, деп хабарлады РИА Новости.
"Не болатынын көреміз. Біз келісімге қол жеткізгіміз келеді, келісімге келеміз де. Мәселе қашан екенінде болып тұр", - деді Трамп журналистерге.
Ол Вашингтонның Ресей мен Украинамен келісімге қызығушылығы бар екенін айтты.
"Біз Ресеймен, Украинамен келісімге келгіміз келеді. Менің ойымша, біз бұған жақындап қалдық", - деді АҚШ президенті.
Бұған дейін Дональд Трамп Украинаның Ресеймен қақтығысты реттеу үшін келіссөздер үстеліне тезірек отыратын уақыт келді деп мәлімдеді.