Sputnik.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
АСТАНА, 10 наурыз – Sputnik. Вашингтон, Мәскеу және Киев арасындағы Украинадағы қақтығысты шешу бойынша үшжақты кездесу келесі аптада өтуі мүмкін, деп хабарлады РИА Новости.
Бұл жөнінде АҚШ президенті Дональд Трамптың арнайы өкілі Стив Уиткофф мәлімдеді.
"Менің ойымша, үшжақты кездесу келесі аптада біраз уақытқа ауыстырылады және біз бұл мәселеге оң көзқарасты сақтаймыз деп күтеміз", - деді ол CNBC арнасына берген сұхбатында.
Ресей, АҚШ және Украина арасындағы келіссөздердің кезекті раунды 17-18 ақпанда Женевада өтті. Келіссөздерден кейін Ресей делегациясының басшысы және Ресей президентінің көмекшісі Владимир Мединский жақын арада жаңа кездесу болатынын хабарлады.
РИА Новости Украина бойынша үшжақты келіссөздердің келесі кезеңі Женевада өтпеуі мүмкін екенін хабарлады.