Украинадан барған 4,3 миллион босқын уақытша Еуроодақ қорғауында

14.01.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

АСТАНА, 13 қаңтар – Sputnik. Еуропалық статистика агенттігі жарияланған есепке сәйкес, 2025 жылдың 30 қарашасындағы жағдай бойынша Украинадан қашып барған 4,3 миллион адам Еуроодақта уақытша қорғауда тұр, деп хабарлады РИА Новости.

"2025 жылдың 30 қарашасындағы жағдай бойынша Украинадан қашып кеткен Еуроодаққа кірмейтін 4,33 миллион азамат уроодақта уақытша қорғауда болды. 2025 жылдың қазан айымен салыстырғанда бұл көрсеткіш 30 615 адамға (+0,7%) өсті", - делінген құжатта.

Құжатта Украинадан барып, уақытша қорғау алушылардың ең көп санын Германия, Польша және Чехия қабылдағаны нақтыланған.

"2025 жылдың 30 қарашасындағы жағдай бойынша, Украина азаматтары Еуроодақта уақытша қорғауды алушылардың 98,4%-дан астамын құрады", - деп толықтырылады есепте.

13 маусымда Еуропалық Одақ Кеңесі Украина азаматтарының Еуроодақ елдеріндегі баспана мәртебесін 2027 жылдың 4 наурызына дейін ұзартуға келісті.

Бұған дейін Еуропалық Комиссияның басшысы Урсула фон дер Ляйен ЕО елдеріне шектеулі еуропалық ресурстар мен Украинаның өз адами ресурстарға деген қажеттіліктерін ескере отырып, украин босқындарының болашағын қарастыруға шақырды.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью