Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
АСТАНА, 3 ақпан – Sputnik. Украинаны қалпына келтіру жөніндегі халықаралық конференция осы жылдың маусым айында Польшадағы Гданьск қаласында өтеді, деп хабарлады Польша премьер-министрі Дональд Туск үкімет отырысында.
"Осы аптада мен Владимир Зеленскийдің шақыруымен Киевке барамын. Бұл сапар барысында менімен бірге қаржы және экономика министрі Анджей Доманьский болады. Ол өз командасымен Украинаны қалпына келтіру жөніндегі халықаралық конференцияны дайындап жатыр, конференция маусым айында Гданьскіде өтеді", – деді Туск.
Ол Киевке сапары кезінде аталған конференцияға қатысты ұйымдастырушылық мәселелер талқыланатынын атап өтті.
Тусктың пікірінше, Украинадағы қақтығыстың аяқталуы елді қалпына келтіру жөніндегі ірі жоспарларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
"Украинаны қалпына келтіру жөніндегі ірі жоспарларды іске қосуға мүмкіндік туады, бұл сондай-ақ ірі инвестиция тартылып, үлкен қаржы құйылатынын және ірі кәсіпорындар жұмыс істейтінін білдіреді. Польша осы процеске қатысқысы келеді, бұл ретте әлемдік деңгейдегі конференцияны өткізу тиімді шешім болады, оған компаниялар, кәсіпкерлер және әлемнің саяси көшбасшылары қатысады", – деді Туск.