Ұландық Артём Кудряшов Абайдың өлеңдері арқылы қазақ тілін үйренді

10.08.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Алайда сегіз айдың ішінде мемлекеттік тілді меңгеріп, қызығушылығы артқаны соншалық, бос уақытын қазақ әдебиетін оқуға арнайтын болды. Соның нәтижесінде ол Абай Құнанбайұлының өлеңдерін жатқа айтып, қара сөздерін тұрақты оқуды әдетке айналдырған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Хәкімнің мұрасы сарбаз үшін тіл үйренудің құралы ғана емес, қазақ халқының дүниетанымы мен рухани болмысын танудың жаңа әлемі іспетті. Әр шығармадан тағылым алып, әрбір қара сөзден өмірлік ой түйген жауынгердің мемлекеттік тілге деген ықыласы күн өткен сайын артып келеді. Қазір оның ең жиі парақтайтын кітаптарының бірі – Абай жинағы. Оған ақынның «Қыс» атты өлеңі айрықша ұнайды.
Ұлы ойшылдың еңбектері ұлтқа ғана емес, қазақ елін танып-білгісі келетін кез келген жанға рухани бағдар бола алатынын Артёмнің өмірінен де байқауға болады. Ол үшін Абай – тіл мен мәдениетті жақындастырған рухани ұстаз.
Бүгінде қатардағы жауынгер Артём Кудряшов әскери міндетін де жоғары жауапкершілікпен атқарып жүр. Қарауыл қызметін атқаратын жауынгер сеніп тапсырылған нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жауынгерлік міндетін абыроймен орындауда.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью