Ұландық сарбаз мультфильм жасады

28.10.2025

24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Бүгін - Халықаралық анимация күні. Ұлттық ұлан сарбазы Айдын Рахымов әскери борышын қатар ала жүріп, анимациялық фильмдер жасайды.

Ол жуырда «АЛЖИР» музейіне барған сарбаздар туралы алғашқы мультфильмін жасап шығарды. Тың туындыды көрермен жоғары бағалады. Айдын үшін анимация - тек хобби емес, патриоттық сезім мен рухани құндылықты дәріптейтін құрал. Қаруластары оның жобаларына атсалысып, кейіпкерлерді дыбыстауға, идея ұсынуға көмектеседі. Ал командирлері жауынгердің шығармашылығын қолдап, мұндай бастамалар әскери рухты көтеріп, ұжымның бірлігін арттыратынын атап өтті.

Айдын Рахымов, мультипликатор, 5573 әскери бөлімінің сарбазы:

- Өзіме бос уақытта анимациямен айналысу өте қызық. Жасанды интеллект деген заттарға өте қатты қызығам. Соңғы жаңалықтарды қараймын. Жалпы осы әскери өмірмен байланыстырғаным, әскери өмірде неше түрлі қызықтар болады. Бірге борышымды өтеп жүрген сарбаздармен неше түрлі қызықты сәттерді анимациялық жобаға айналдырғым келді.

Дархан Қалибаев, Құрмет қарауыл ротасының командирінің орынбасары:

- Айдын Рахымов туралы айтатын болсақ, ол сарбаз рота үй-жайының өміріне бесенді қатысады. Бос уақытында жасанды интеллект бойынша сарбаздарға сабақ беріп жатыр. Болашақта мысалы жаңадан видео шығару туралы ойластырып жатыр. Ол жағынан әскери бөлім қолбасшылығы үлкен көмектесуде. 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью