Ұландықтар Привет, Андрей! бағдарламасында өнер көрсетті

10.03.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Ұлттық ұланның Ән-би ансамблінің Ерлер хоры Мәскеу қаласында танымал тележүргізуші Андрей Малахов жүргізетін «Россия-1» телеарнасындағы кешкі музыкалық «Привет, Андрей!» бағдарламасында өнер көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еліміздің өнерпаздары көрерменге кеңінен танымал «Когда мы были на войне» әнін орындады. Шығарма ерлер хорының өзіне тән қуатты әрі әсерлі мәнерінде шырқалды. Орындау барысында сахналық пластика мен би элементтері үйлесім тауып, номердің көркемдігін арттыра түсіп, ұжымның жоғары деңгейде екенін айқындады.
Өнерпаздардың өнері студия қонақтары мен көрерменнің жылы ықыласына бөленді. Қазақстандық әртістердің шығармашылығын ресейлік әншілер мен бағдарлама қатысушылары жоғары бағалады. Олардың қатарында белгілі эстрада әншісі Дмитрий Маликов та болды.

Ұлттық ұлан қызметкерлері қала тұрғындарын мерекемен құттықтады

Музыкалық номерден бөлек, ұландықтар студияға Қазақстаннан арнайы сый-сияпаттар да ала келді. Бағдарламада қызықты жағдай болды. Дастарқандағы тұздалған қияр салынған банканы студия қонақтарының ешқайсысы аша алмады. Бұл міндетті студияда Ұлттық ұлан ерлер хорының солисі орындап, көрерменнің зор қошеметіне ие болды.
Айта кету керек, биыл Ұлттық ұланның ерлер хоры құрылғанына 10 жыл толып отыр. Осы уақыт ішінде шығармашылық ұжым әскери мәдениеттің жарқын өкілдерінің біріне айналып, түрлі сахналарда қазақ өнерін лайықты деңгейде танытып келеді.

«Бұл сөзді бұрын айтпаппын»: Ұлттық ұлан сарбаздары аналарын мерекемен құттықтады

Мерейтойға орай шығармашылық ұжым үздік шығармаларынан тұратын үлкен мерекелік концерт әзірлеп жатыр.
Бұған дейін Ұлттық ұланның ерлер хоры ресейлік «Ну-ка, все вместе!» вокалдық шоуында танымал болған еді. Өнерпаздар Linkin Park тобының әлемге әйгілі Numb әнін домбыраның сүйемелдеуімен ерекше интерпретацияда орындап, қазылар алқасы мен көрерменнің үлкен қызығушылығын тудырған болатын.

Соңғы жаңалықтар

Таяу Шығыс елдерінен қанша азамат елге қайтарылды?

Саясат • Бүгін, 12:22

Ақтүтек боран: Полиция жүргізушілерге алыс жолға шықпауды ескертті

Ауа райы • Бүгін, 12:17

Астанада құрылыс барысын жасанды интеллект бақылайды

Жасанды интеллект • Бүгін, 12:10

Вьетнамда жоғалған қазақ қызы аман-есен табылды

Оқиға • Бүгін, 12:01

Шахмұрат Мүтәліп ERG компаниясының 40% акциясын сатып алмақшы

Экономика • Бүгін, 11:58

Путин АҚШ-тың Ирандағы операциясына таңданыс білдірді

Әлем • Бүгін, 11:47

Олжас Бектенов: Ауылдық жерлердегі тұрғын үй құрылысына көңіл бөлу керек

Үкімет • Бүгін, 11:33

2026 жылы тұрғын үй құрылысына қанша қаржы бөлінеді?

Құрылыс • Бүгін, 11:24

Биыл елімізде 18,5 млн шаршы метр тұрғын үй салынады

Құрылыс • Бүгін, 10:59

Дәрігерлер ЖИ көмегімен инсульт пен онкологиялық ауруларды ерте анықтап жатыр

Медицина • Бүгін, 10:52

Шымкентте матч кезінде жаппай төбелес болды: Екі ойыншы жарақат алды

Футбол • Бүгін, 10:45

Назым Қызайбай әлемдік рейтингте үздік ондыққа енді

Бокс • Бүгін, 10:38

«Бір литр де мұнай шықпайды»: Иран Ормұз бұғазын толық бақылауға алды

Әлем • Бүгін, 10:22

Өтемдік тариф: Қарағандыда коммуналдық қызмет бағасы 2027 жылға дейін төмендетілді

Аймақтар • Бүгін, 10:13

Таяу шығыстан 7300-ден астам отандасымыз елге қайтарылды

Саясат • Бүгін, 09:59

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью