Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Атырау қаласында ҚР ІІМ Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5546 әскери бөлімінің әскери қызметшілері ҚАЖД қызметкерлерімен бірлесіп, қырағылық пен кәсіби іс-қимылдың нәтижесінде қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің аумағына тыйым салынған затты жеткізу әрекетінің алдын алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бақылау тобы қызметтік-іздестіру итімен «КамАЗ» маркалы автокөлікке кешенді тексеру жүргізді. Жеке құрамның қырағылығы мен кәсіби шеберлігінің арқасында автокөліктен ерекше иісі бар жасыл түсті орама табылып, тәркіленді.
«Эльза» есімді қызметтік ит тыйым салынған затты анықтап, бұл мән-жайды тексеру жүргізуге және затты тәркілеуге негіз болды.
Бақылау тобының құрамында ефрейтор Нұрасыл Әбдреш пен кинолог-маман қатардағы Алмат Дүйсенов болды. Олардың үйлесімді әрекетінің нәтижесінде режимдік нысанға тыйым салынған затты заңсыз жеткізу әрекеті жедел түрде тоқтатылды.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатыр, құқықбұзушылыққа қатысы бар тұлғалар анықталуда. Жағдай құзыретті органдардың бақылауында.
Айта кетейік, ҚР ІІМ Ұлттық ұланы ҚАЖ департаментімен бірлесіп, мекемелерге тыйым салынған заттардың жеткізілу арналарының жолын кесу бағытында жүйелі жұмыс жүргізуде.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.