Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Ақтөбе қаласында ҚР ІІМ Ұлттық ұланының "Батыс" өңірлік қолбасшылығына қарасты 6655 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, қылмыстық-атқару жүйесі мекемесіне тыйым салынған заттарды жеткізу әрекетінің алдын алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Оқиға Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №8 мекеменің тексеру бөлмесінде болған.
Сәлемдемені рентген қондырғысы арқылы тексеру барысында тыйым салынған заттар анықталды. Бұл бағытта ҚАЖД қызметкерлерімен бірлескен Айзат Құрмашев пен кинолог-маман Азат Ахуновтың қырағылығы, жоғары кәсібилігі және үйлесімді іс-қимылы өз нәтижесін берді.
Тексеру кезінде модем-роутер, портативті акустикалық колонка, үш зарядтау құрылғысы, сондай-ақ флеш-жинақтағыш тәркіленді. Сәлемдемені жолдаған азамат ұсталып, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес әрі қарай тексеру үшін тиісті органдарға тапсырылды.
ҚР ІІМ Ұлттық ұланы ҚАЖД органдарымен бірлесіп, мекемелерге тыйым салынған заттардың жеткізілу арналарының жолын кесу бағытында жүйелі әрі мақсатты жұмыстар жүргізіп келеді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.