Ұландықтар жол жиегіне шығып кеткен жүргізушіге көмек көрсетті

13.01.2026

Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Ақмола облысындағы «Ақкөл–Степногорск» автожолында ауа райының қолайсыздығы салдарынан жолға шыққан азамат қиын жағдайға тап болды. Тайғақ жолда автокөлік басқаруға көнбей, жол жиегіндегі қарлы жыраға сырғып кеткен. Қалың қарға батқан көлік өздігінен шыға алмай қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Абырой болғанда, көлік жүргізушіге осы бағытпен әскери тапсырманы орындау барысында келе жатқан Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 3517 әскери бөлімінің қызметшілері кезіккен. Әскери қызметшілер жағдайды жедел бағалап, арнайы әскери техниканың көмегімен көлікті қарлы жырадан шығарып алды.

Ұландықтардың арқасында автокөлік жолға шығарылып, жүргізуші әрі қарай қозғалысын жалғастырды. Көмек алған азамат әскери қызметшілерге алғысын білдірді.

Әскери бөлім басшылығы мұндай жағдайлар адам өмірі мен қауіпсіздіктің маңызын көрсететінін атап өтті. Сондай-ақ әскери қызметшілер әрдайым халыққа көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар

Астана әлемдегі ең қауіпсіз 100 қаланың қатарына енді

Елорда • Бүгін, 16:23

Ұлытау облысында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында семинар өтті

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 16:18

Жетісуда ЖИ арқылы жалған чек жасаған үш жасөспірім әшкереленді

Қоғам • Бүгін, 16:15

Vogue басылымы Қазақстанды 2025 жылғы ең үздік 14 бағытқа қосты

Туризм • Бүгін, 16:00

СҚО-дағы шалғай ауылда Creative IT Center ашылды

Digital • Бүгін, 15:41

Атырауда жоғалған отбасы: Күйеу баласы мен қызына халықаралық іздеу жарияланды

Аймақтар • Бүгін, 15:34

Шымкент аспанында екі ұшақ соқтығыса жаздады

Төтенше жағдай • Бүгін, 15:20

«Үлкен жетілік» саммиті кейінге шегерілді

Әлем • Бүгін, 15:13

Крещение рәсімі: Астанада қай орындарда суға түсуге болады?

Елорда • Бүгін, 15:03

«Астана» ең үздік сұрмергенін сататынын хабарлады

Футбол • Бүгін, 14:50

Президент АҚШ-пен келіссөз жүргізетін арнайы өкілді тағайындады

Саясат • Бүгін, 14:46

Атырауда «Аңсаған сәби» бағдарламасымен 467 әйел сәби сүйді

Аймақтар • Бүгін, 14:30

Психологиялық қолдау орталықтарына былтыр қанша адам жүгінді?

Қоғам • Бүгін, 14:25

Зейнетақы есебінен емделуге өтінімдер қабылдау тоқтатылды

Экономика • Бүгін, 14:11

Дәрі-дәрмектер мен медициналық қызметтердің тізбесі ҚҚС-тан босатылды

Қоғам • Бүгін, 14:01

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью