ŪLAR сыйлығы иелерін тапты

27.06.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Облыс әкімі Дастан Рыспеков БАҚ қызмет­кер­лерін мерекемен құт­тықтап, «Хабар» теле­ар­насының Ұлытау облы­сындағы меншікті тілшісі Елдос Кәкенов пен «Ай­мақ ақшамы» газетінің аға тілшісі Мейрамгүл Ал­пыс­баеваға екі бөлмелі пәтердің кілттерін тапсырды.

Бұған қоса, өзге де әріптестеріміз «Ерен ең­бегі үшін», «Еңбек арда­гері» медальдарымен, «Ақ­парат саласының үздігі» төсбелгісімен, Мәдениет және ақпарат министрінің Құрмет грамотасымен және Алғысхатымен ма­ра­­патталды. Сондай-ақ бір­­қатар журналист Ұлы­­тау облысы әкімінің Құр­­мет грамотасы мен Алғыс хатын, Қазақстан Жур­налистер одағының «Қа­зақстанның құрметті журналисі» медалін иеленді.

Облыс әкімінің «ŪLAR» сыйлығын алған БАҚ өкілдері қатарында «Egemen Qazaqstan» газетінің Ұлытау облы­сындағы меншікті тілшісі Жұлдыз Тойбек те бар. Барлық жеңімпазға 500 мың теңге ақшалай сый­лық, диплом, арнайы мү­сінше тарту етілді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью