Үлкен Алматы көліне көлікпен баруға шектеу қойылды

30.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында қазір 46 туристік бағыт бар, оның 38-і жұмыс істеп тұр. Ең көп сұранысқа ие бағыттар Медеу бөлімшесінде орналасқан. Мұнда барлық 19 бағыт жұмыс істейді.

Мұрат Рысқұлдың айтуынша, тұрғындар мен туристер арасындағы танымал бағыттардың бірі - Үлкен Алматы көлі. Ол мұнда жеке автокөліктердің, мототехниканың, сондай-ақ электрлі самокаттар, электрлі велосипед пен барлық көлік құралдарының жүруіне тыйым салынғанын атап өтті.

Фото: Алматы қаласы ӨКҚ

- Көлге апаратын жол күрделі тау бедері арқылы өтеді. Жолды көру мүмкіндігі шектелген, тас құлау қаупі бар учаскелер жоқ емес. Жолда әртүрлі көлік араласып кеткенде жол апаты жиілеп кетуі мүмкін. Жалға алынған электр көліктері де осындай жағдайға жиі тап болады, — деді ол.

Айтуынша, бұған дейін туристердің электробайкпен нұсқаушысыз жүріп, жолдан шығып, табиғи жамылғыға зиян келтіргені анықталған.

- Мұндай жағдай адамның өзіне ғана қауіп төндірмей, экожүйеге де зиян тигізеді. Сондықтан уәкілетті органдармен бірлесіп, бақылауды күшейтіп, рейдтік іс-шаралар мен кезекшіліктер енгіздік. Бұл — тек қауіпсіздік мақсатында қабылданған мәжбүрлі іс-шара, — деді Мұрат Рысқұл.

Еске салайық, биыл Үлкен Алматы көліне дейін жаяу жүргіншілер жолы салынатыны белгілі болды.

Бұған дейін Үлкен Алматы көліне апаратын жолдың жабылуы экологияға қалай әсер еткенін жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью