Үлкен Алматы өзені бойында адамдар сырғанаған ТЖД ескерту жасады

26.01.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

ТЖД мәліметінше, су айдындарын мониторингі барысында Үлкен Алматы өзенінің бөгеті маңында сырғанап жатқан демалушылар анықталған.

- Бұл жағдай айтарлықтай қауіп төндірді. Ауа райының тұрақсыздығына байланысты мұздың беріктігі төмен. Ол жарылып, адамдардың суға құлап кету қаупі бар. Әсіресе, құтқару бекеттері жоқ, жедел көмек көрсету мүмкіндігі шектеулі аумақтар аса қауіпті, - деп хабарлады департаменттен.

ТЖД полиция департаментімен бірлесіп, жазатайым оқиғалардың алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыстар жүргізгенін хабарлады. Департамент су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделгенін атап өтті. Айыппұл мөлшері — 7 АЕК немесе 27 524 теңге.

Еске салайық, бұған дейін құтқарушылар Алматы тауларында аяғын сындырып алған 59 жастағы альпинисті эвакуациялады.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью