Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Қай жерде шектеу қойылады?
Алдымен жағалаудың шығыс жағында – №1 тұндырғыштан (дамбадан) Әл-Фараби даңғылына дейінгі аралықта жұмыстар жүргізіледі. Бұл кезең 20 күнге созылады.
Кейіннен шектеулер жағалаудың басқа учаскелеріне де кезең-кезеңімен енгізіліп, Абай даңғылына дейінгі аумақты қамтиды.
Жағалауда қандай жұмыстар атқарылады?122 нысан қамтылады: Қай өңірлерде жол жөндеу жұмыстары басталды?
Жоба аясында:
суару жүйесі қалпына келтіріледі; тротуар жөнделеді; бордюрлердің бір бөлігі ауыстырылады; бұталар мен көгал қайта отырғызылады; ағаштарға санитарлық кесу жұмыстары жүргізіледі.Алматы тұрғындары мен қала қонақтарына уақытша шектеулерді ескеріп, уақытша жол белгілерінің талаптарын сақтауға және бағыттарын алдын ала жоспарлауға кеңес берілді.