Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
АСТАНА, 14 маусым – Sputnik. Үлкен Алматы шыңында үш турист құтқарылды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі.
Үлкен Алматы шыңында 3680 метр биіктікте 2005–2006 жылы туған үш турист өздігінен таудан түсе алмай, құтқарушылардың көмегіне мұқтаж болған.
"Көмекке ҚР ТЖМ "Барыс" республикалық жедел құтқару жасағының қызметкерлері шұғыл аттанды. Құтқарушылар Проходное шатқалы арқылы жаяу жүріп, туристерге жетті.Жастардың бірінің жағдайы нашарлап, тау ауруының белгілері байқалған", - делінген хабарламада.
Құтқарушылар оған алғашқы көмек көрсетіп, кейін топтың барлық мүшесін таудан қауіпсіз түсірді.
ТЖМ таулы аймақта серуендеу кезінде өз күшіңізді дұрыс бағалап, су режимін сақтап, денсаулық жағдайына мұқият назар аудару қажеттігін ескертеді.