Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында Қызылқоға ауданындағы тоғыз елді мекенде жалпы ұзындығы 14,2 шақырым болатын бөгет құрылысы толық аяқталды.
Бұған қоса Ноғайты және Ойыл өзендерінің арнасын кеңейту, жағалауын нығайту жұмыстары да соңғы кезеңге жетті.
Миялы ауылында бес зиратты қоршау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы аудан әкімі Қанат Әзмұханов мәлімдеді. Оның айтуынша, «Кезауыз–Қарабау» каналына жөндеу жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Ал Қарабау ауылы тұсындағы өткелдегі су өткізгіш құрылғыны кеңейту жұмыстары наурыз айына жоспарланған.
– Сағыз өзенін тазарту жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттамасы мемлекеттік сараптамадан өтті. Алдағы уақытта тиісті жұмыстар басталады. Аудан аумағындағы «Ералы» су торабы Ойыл өзені бойындағы елді мекендерге жіберілетін су көлемін реттеп, шабындық және жайылымдық жерлерді сумен қамтамасыз етеді, – деді Қ. Әзмұханов.
Сонымен қатар Тасшағыл, Көздіғара, Ойыл, Жангелдин және Сағыз ауылдық округтерінде мал азығын дайындау үшін лимандық бөгеттерді заңдастыру жұмыстары жүргізілуде.
Бүгін, 18:03