Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Қатар астанасы Доха қаласында Қазақстанның мәдениет күндері салтанатты түрде ашылды. Ауқымды мәдени іс-шараның өтуі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қатар Мемлекетіне жасаған мемлекеттік сапары барысында екі ел басшылары қол жеткізген уағдаластықтардың нәтижесінде жүзеге асырылды.
Қазақстан делегациясын Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бастап барды. Мәдениет күндері аясында Вице-премьер Қатар Мемлекетінің Мәдениет министрі шейх Әбдірахман бен Хамад бен Джасим Әл Тәнимен екіжақты кездесу өткізді.
Келіссөздер барысында тараптар мәдениет пен өнер саласындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту келешегін талқылап, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық білдірді.
«Қазақстан Республикасының Мәдениет күндерінің Қатар Мемлекетінде өтуі біз үшін зор мәртебе. Қазақстан мен Қатар халықтарын жақындастыратын ортақ тарихи және рухани құндылықтар бар. Екі ел де бай көшпелі өркениет мұрасын сақтап, дәстүрлі мәдениетті қадірлеуге айрықша мән береді. Осы ортақ құндылықтар алдағы уақытта да халықтарымызды одан әрі жақындастырып, жаңа бірлескен мәдени жобаларды іске асыруға берік негіз болады деп сенемін», деді Аида Балаева.
Өз кезегінде Қатар Мемлекетінің Мәдениет министрі шейх Әбдірахман бен Хамад бен Джасим Әл Тәни екі ел қарым-қатынастарының даму әлеуеті жоғары екенін атап өтіп, бірлескен мәдени жобалар ынтымақтастықты одан әрі кеңейтудің берік негізіне айналатынына сенім білдірді.
Кездесу барысында креативті сектордағы өзара ықпалдастыққа ерекше назар аударылды. Аида Балаева Қатар Мемлекетінде креативті индустриялардың қарқынды дамып келе жатқанын, елімізде де бұл бағыттың басымдыққа ие екенін атап өтті. Республикада Креативті индустрияларды дамыту қоры құрылған. Осыған байланысты біздің тарап бірлескен жобаларды жүзеге асыруға және аталған салада практикалық ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екенін жеткізді.
Сонымен қатар өзара ықпалдастықтың өзге де келешегі зор бағыттары айқындалды. Атап айтқанда, бірлескен кітаптар шығару, екі ел авторларының шығармаларын қазақ және араб тілдеріне аудару, сондай-ақ
суретшілерді қолдау тетіктері бойынша тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды.
Практикалық қадам ретінде аталған бағыттардың барлығын қамтитын Ведомствоаралық іс-шаралар жоспарына қол қою ұсынылды.
Кездесу соңында делегация басшылары еліміздің өнер шеберлерінің мерекелік гала-концертін тамашалады. Концерт бағдарламасында қазақ халқының классикалық мұраларынан бастап, халық күйлері мен әндері, симфониялық өңдеудегі заманауи туындылар, сондай-ақ араб әндері орындалды.
Сондай-ақ делегация басшылары Мәдениет күндерінің негізгі іс-шаралары өтіп жатқан Доха қаласындағы «Дарб әл-Сағи» мәдени-тарихи орталығына барды. Мұнда тақырыптық концерттер, сәндік-қолданбалы өнер көрмелері, ұлттық нақышты заманауи үлгіде танытатын дизайнерлердің туындылары ұсынылған.
Бағдарламада еліміздің Ұлттық музейі дайындаған экспозицияға ерекше орын берілді. Сонымен қатар ұлттық дәстүрлер мен спорт түрлерін кеңінен насихаттауға айрықша мән беріліп, оның ішінде дәстүрлі садақ ату өнері, саятшылық, сондай-ақ тазы итпен аң аулау түрлері таныстырылды.
Айта кетейік, еліміздің мәдениет күндерінің төрт күндік бағдарламасы Қазақстан – Қатар мәдени-
гуманитарлық ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға және елдің ұлттық мәдениетін халықаралық деңгейде кеңінен танытуға бағытталған. Сондай-ақ алдағы уақытта біздің елде Қатар Мемлекетінің мәдениет күндері өтеді.
Соңғы жаңалықтар
Кеңес Дүйсекеевтің 80 жылдығына арналған мерекелік концерт өтті
Өнер • Бүгін, 23:40
Президент • Бүгін, 23:26
Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:15
Экологиялық мәдениет қалыптастыру – түбегейлі қағидат қатарында
Саясат • Бүгін, 08:10
Қасым-Жомарт Тоқаев: Татуласу – мықтылықтың белгісі
Саясат • Бүгін, 08:05
Қазақстан мен Пәкістан ынтымақтастығы стратегиялық деңгейге көтерілді
Саясат • Бүгін, 08:00
Қоғам • Бүгін, 07:55
Өнер • Бүгін, 07:50
Жәдігер • Бүгін, 07:45
Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:40
Қанат Бозымбаев өңірлердің су тасқыны қаупі жоғары кезеңге дайындық барысын тексерді
Үкімет • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Пәкістанның ең жоғары мемлекеттік наградасы табысталды
Президент • Кеше
Қазақстан әлемнің 70-тен аса еліне ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттайды
Президент • Кеше
Мемлекет басшысы Пәкістан Президенті Асиф Али Зардаримен келіссөз жүргізді
Президент • Кеше
Азаматтық-құқықтық шартты айналып өтуге тосқауыл қойылады
Қоғам • Кеше