Ұлт мүддесіне сай сыртқы саясатты жүргізе отырып, өз жолымызбен жүріп келеміз Президент

06.03.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты іс-шарада сөз сөйледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Мемлекет басшысы:

«Осы жерде Қазақстанның әр аймағынан келген көптеген мамандық иелері отыр.

Сіздер түрлі салада табысты жұмыс істеп, еліміздің әлеуетін арттыруға атсалысып келесіздер. Әділетті Қазақстанды өздеріңіз сияқты жауапкершілігі мол, жасампаз, көзі ашық, тиянақты, еңбекке адал азаматтар құрып жатыр.

Мен мұны үлкен ризашылықпен атап өткім келеді. Бәріңізді зор құрметке лайық деп санаймын», – деді.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью