24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Бүгін мемлекеттік ұлт театрының құрылғанына – 100 жыл! 1926 жылы дәл осы күні Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық академиялық драма театры ресми түрде шымылдығын түрді.
Алғашқы қойылым ретінде қаламгер Қошке Кемеңгерұлының «Алтын сақина» драмасы сахналанды. Қойылымға қатысты тарихи деректер сол кезеңде «Еңбекшіқазақ» газетінде шыққан «Мемлекеттік театрының туған күні» атты зерттеу мақаласында жарияланған. Ұлт театрын ұйымдастыру ісіне Халық ағарту комиссары Смағұл Садуақасұлы тікелей басшылық еткен. Сол кісінің бастамасымен Қызылордаға елдің түкпір-түкпірінен театр өнерпаздары шақырылып, қазақ театр өнерінің негізі қаланды.