Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастаған «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы Жамбыл облысына келді. Өңірде коалиция мүшелері жұртшылықпен, жастармен, еңбек ұжымдарымен және шағын бизнес өкілдерімен әңгімелесті. Көпшілік жаңа Конституция мемлекеттің ұзақ мерзімге негізделген ұлттық мүддесіне толық сай келетінін атап өтті.
«Көне Тараз» тарихи-мәдени кешенінде өткен жұртшылықпен кездесуге облыстың шамамен 500 тұрғыны – зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, медицина қызметкерлері, педагогтер және өзге де азаматтар қатысты.
Өз кезегінде Ерлан Қошанов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президент қызметіне кіріскен сәтінен бастап жаңа Конституцияның негізі қалана бастағанын, ал құжаттың өзі ауқымды қоғамдық диалогтің нәтижесіне айналғанын атап өтті.
«Референдум ұлтымыздың бірлігін, тұтастығын айшықтайды. Бұл Президенттің халқына арқа сүйейтінін, ал халық Президентке сенетінін көрсетеді. Ел дамуында референдум шешуші рөл атқарған мұндай мысалдар әлемде де жеткілікті. Мәселен, XIX ғасырдағы Швейцариядағы Конституция жөніндегі референдум, Франциядағы Бесінші республика құру бойынша өткен референдум дүниежүзі тарихында қалды. Алдағы біздің референдум да ел тарихында алтын әріппен жазылатын тарихи оқиғаға айналады деп санаймын. Сондықтан таңдау да, соңғы шешім де өздеріңізде», деді ол.
Мәжіліс спикері облыс тұрғындарының белсенді азаматтық ұстанымын, Мемлекет басшысының реформалары мен саясатына жүйелі түрде қолдау көрсетіп келе жатқанын ерекше атап өтті. Оның айтуынша, жаңа Конституция жобасынан әрбір азамат өзін толғандырған сұрақтарға жауап таба алады. Оның негізінде «адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін» деген қағидат берік орнықты.
Кездесуге қатысушылар әрбір қазақстандық азаматқа жақын Әділетті Қазақстан, Заң мен тәртіп, Адал азамат, Таза Қазақстан сынды қастерлі құндылықтарға назар аударды. Ал Президенттің іс жүзінде жүзеге асырылып жатқан «халықпен бірге» қағидаты ел азаматтарының мемлекет болашағын айқындау ісіндегі өз рөлін терең сезінуіне мүмкіндік берді.
Кездесу барысында коалиция мүшелері жаңа Конституция жобасындағы негізгі новеллалар туралы баяндады.
Өз сөзінде Мәжіліс депутаты Айдос Сарым әлемде күрделі геосаяси өзгерістер жүріп жатқанын, бұрынғы халықаралық тәртіп біртіндеп өз маңызын жоғалтып, мемлекеттер жаңа жағдайға бейімделуге мәжбүр болып отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, дәл осы тұста мемлекеттің ішкі тұрақтылығын алдын ала нығайтып, жүйелі реформалар арқылы орнықты дамуды қамтамасыз ету аса маңызды.
Тараз қаласында студент жастармен де кездесу өтті. Оған 500-ден аса адам – жастар ұйымдарының көшбасшылары, белсенділер және студенттік өзін-өзі басқару өкілдері қатысты.
«Қазфосфат» ЖШС-ның өндіріс алаңында коалиция мүшелері кәсіпорынның еңбек ұжымымен кездесті.
Аса ауылында «Қарызсыз қоғам» жобасына қатысушылармен – шағын және микробизнес өкілдерімен, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтармен және ауыл тұрғындарымен кездесу өтті. Мәжіліс депутаты әрі жоба жетекшісі Дәулет Мұқаев бұл бастаманың жүйелі жүзеге асуы білім беру және қолдау көрсету қадамдары адамдардың өз өмірін өз бетінше өзгертуіне нақты мүмкіндік беретінін айқын көрсеткенін атап өтті.
Осы күні Super-pharm фармацевтикалық зауытының ұжымымен кездесу өтіп, оның қызметкерлері алдағы референдум аса маңызды екенін мәлімдеді.
Кездесулер қорытындысы бойынша Жамбыл облысының тұрғындары Қуатты, Әділетті әрі прогрессивті Қазақстан құру ісіне үлес қосуға дайын екенін жеткізді.
Еске сала кетейік, «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы биыл 13 ақпанда құрылды. Оның құрамына 5 саяси партия мен шамамен 300 қоғамдық ұйым кірді. Олар 5 миллионға жуық азаматты біріктіреді.
Соңғы жаңалықтар
Асыл мұрамызды әлемге қалай танытамыз?
Руханият • Бүгін, 08:15
Михаил Шайдоров – Олимпиада чемпионы!
Олимпиада • Бүгін, 08:10
Өнер • Бүгін, 08:05
«Ажалын жоғалтқан адамның» тұсауы кесілді
Басылым • Бүгін, 08:00
Іле Алатауы саябағында жабайы аң фототұзаққа түсіп қалды
Жануарлар • Кеше
Ұлытау облысында инвестициялық жобалар талқыланды
Инвестиция • Кеше
Жаңа Конституция – әр азаматтың құқығын мемлекеттің басты міндеті ретінде бекітетін құжат
Ата заң • Кеше
Риза Сүйіндік: Конституция – билік үшін емес, халық үшін жазылған негізгі заң
Ата заң • Кеше
Ұлытауда «Сағаттар сыры» көрмесі ашылды
Аймақтар • Кеше
Қазақстан құрамасы әртістік жүзуден Әлем кубогы кезеңін алты медальмен аяқтады
Спорт • Кеше
Қызылордада Қорқыт ата университетінің ректоры таныстырылды
Аймақтар • Кеше
Абай ауданында дін мен дәстүрді сабақтастырған орталық ашылды
Дін • Кеше
Ибраһим келісімі Қазақстанға қандай пайда береді?
Саясат • Кеше
Еліміздің өнеркәсіптік кәсіпорындары жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Кеше
Нұрлан Имам конституциялық реформа кезеңінде қазақстандықтарды бірлік пен жауапкершілікке шақырды
Ата заң • Кеше