Ұлттық академиялық кітапханада түркі халықтарының әдеби мұрасына арналған дәріс өтті

03.03.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының Бас хатшысы, қаламгер Сұлтан Раевтың қатысуымен әдеби дәріс өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Кездесу аясында түркі халықтарының ортақ әдеби мұрасын насихаттау, бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері сөз болды. Тараптар мәдени-гуманитарлық байланыстарды жаңа деңгейге көтеру, ортақ рухани құндылықтарды жүйелі түрде дәріптеу бағытындағы ықпалдастық туралы талқылады.

Кездесу аясында «Түркі әлемі: Ортақ тамыр, ортақ мұра» атты көрме ұйымдастырылды. Көрмеге түркі халықтарының әдебиеті мен тарихын, рухани сабақтастығын айқындайтын еңбектер қойылып, оқырмандар назарына ұсынылды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью