Ұлттық бағалау институты: Қазақстанның рейтингтік агенттігі құрылмақ

15.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

- Заң жобасы аясында рейтингтік қызметті реттеудің мынадай негізгі бағыттары қарастырылады. Осы орайда рейтингтік қызметті жүзеге асыру үшін заңнамалық негіздер құру ескерілген. Заң жобасында кредиттік рейтингтік агенттіктердің үш түрін көздейтін институционалдық модель енгізіледі. Біріншіден, тәуелсіз ұлттық рейтингтік бағалау институты ретінде Қазақстанның рейтингтік агенттігін құру. Оның акционерлері Ұлттық банк, халықаралық рейтингтік агенттік және басқа да қаржы ұйымдары болады. Ұлттық банк агенттіктің қаржылық орнықтылығын және қаржы нарығы тарапынан сенімді қамтамасыз етеді, - деді М. Әбілқасымова.

Екіншіден, халықаралық рейтингтік агенттіктер қамтылған. Бұл – Standard&Poor's, Moody's, Fitch агенттіктері мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының кемінде бес елі таныған басқа рейтингтік агенттіктер.

- Сонымен қатар рейтингтік қызметті мемлекеттік бақылау мен қадағалауды енгізу ескерілген. Заң жобасында кредиттік рейтингтік агенттіктердің қызметін реттеу мен қадағалаудың толық циклі қалыптастырылады. Агенттікке халықаралық және шетелдік рейтингтік агенттіктерді тану, мониторингтеу және тануды кері қайтарып алу, сондай-ақ рейтингтік қызмет туралы заңнама талаптарының сақталуын бақылау өкілеттіктері беріледі. Нарыққа кіруге рұқсат беру үшін халықаралық және шетелдік рейтингтік агенттіктерге біліктілік талаптары белгіленеді. Оған кемінде бес жыл қызмет тәжірибесі, меншікті капитал деңгейінің жеткілікті болуы, тексеруден өткен әдіснамасы және институционалдық тәуелсіздігі жатады, - деді Мәдина Әбілқасымова.

Оның сөзіне қарағанда, қазақстандық рейтингтік агенттік үшін жарғылық және меншікті капиталдың ең төменгі мөлшеріне қойылатын талаптар заңға тәуелді деңгейде белгіленетін болады. Жарғылық капитал шамамен 10 млрд теңгені құрайды деп қарастырылған. Бұл басқа елдердегі ұлттық рейтингтік агенттіктердің практикасына сәйкес келеді.

- Қазақстандық рейтингтік агенттік үшін реттеушіге өз қызметі туралы ақпаратты, оның ішінде рейтингтер, әдіснамалар және тарихи статистика туралы деректерді беру міндеті енгізіледі. Ішкі бақылау және тәуекелдерді басқару жүйесіне қойылатын талаптар белгіленеді. Агенттікке қызметті тексеру және қадағалау шараларын қолдану бойынша өкілеттіктер беріледі, - деді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, соңғы бес жылда акциялар нарығын капиталдандыру 115%-ға ұлғайып, 44,7 трлн теңгені құрады.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью