Ұлттық банк алаяқтықтың жаңа түрінен сақ болуды ескертеді

24.11.2025

24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Қазақстан Ұлттық банкі ел азаматтарын алаяқтықтың жаңа түрінен сақ болуды ескертеді. Кейінгі кездері қате ақша аударымын желеу етіп, адамдарға қоңырау шалатын алаяқтар көбейген. Олар азаматтарға алдымен қаражат аударады да, кейін телефонға хабарласып ақшаны қателісіп жібергенін айтады. Сөйтіп, соманы кері аударуды немесе басқа адамның есепшотына жіберуді сұрайды.

Ұлттық банк бұл алақтардың арбауы екенін ескертеді. Осындай хабарлама немесе қоңырау түскен кезде ақшаның қайдан келгенін тек банктің ресми мобильді қосымшасы немесе интернет-банкинг арқылы тексеріп алған абзал. Белгісіз нөмірден келген SMS-хабарламаға сақ болып, күдікті сілтемеге өтпеу керек. Банк қызметкерлерінің аудио-видеоқоңырау шалмайтынын ескерген жөн. Себебі ол жеке тұлғаларға қызмет көрсетпейді. Әрі ешқашан инвестициялық қорлар мен қаржы құралдарына ақша құю қызметін ұсынбайды.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью