Ұлттық банк Алтын Ордаға арналған коллекциялық монета шығарады

13.05.2026

7kun.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Қазақстан Ұлттық Банкі «ALTYN ORDA» атты жаңа коллекциялық монетаны айналымға шығармақ.
Монета «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясы аясында жарық көреді.

Ұлттық банк мәліметінше, коллекциялық тиынның аверсінде Бату хан бейнеленген. Монета 925 сынамалы күмістен дайындалып, алтын жалатумен көмкерілген.

Монетаның сипаттамасы:
– номиналы – 2 000 теңге;
– салмағы – 62,2 грамм;
– диаметрі – 50 мм;
– дайындалу сапасы – proof;
– таралымы – 1 мың дана.

Коллекциялық монетаның нақты сатылымға шығу күні кейінірек хабарланады.

Ұлттық банк Алтын Орда Еуразия кеңістігінің саяси, экономикалық және мәдени дамуына зор ықпал еткен ірі мемлекеттердің бірі болғанын атап өтті. Сондай-ақ бұл кезең Ұлы Жібек жолы бойындағы халықаралық сауданың жандануымен, қала мәдениеті мен ақша жүйесінің дамуымен ерекшеленген.

Реттеуші мекеме жаңа монетаны шығару тарихи жадыны сақтауға, мәдени мұраны насихаттауға және мемлекеттілік тарихындағы маңызды кезеңдерді дәріптеуге бағытталғанын мәлімдеді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью