Ұлттық банк басшысы 2026 жылға арналған инфляция болжамын айтты

10.02.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұрағына жауап беріп, биылғы инфляция бойынша болжамды айтты. Бұл туралы ол Үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сүлейменовтің сөзінше, биыл инфляция 9–12 пайыз аралығында болады деп болжанып отыр.

"Инфляцияға қатысты, әлемдегі ахуал мен ел ішіндегі экономикалық үдерістерге сүйене отырып, биыл инфляция 9–12 пайыз аралығында болады деп болжанып отыр. Ұлттық банк ретінде біздің негізгі міндетіміз - биыл инфляцияны 10 пайыздан төмен деңгейде ұстап тұру және жыл қорытындысы бойынша 9 пайыз және одан төмен деңгейге шыққан жөн", - деді Ұлттық банк басшысы.

Еске салайық, 23 қаңтарда Қазақстан Ұлттық банкі базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдады. Ол бұрынғы деңгейде - жылдық 18 пайыз, +/- 1 пайыздық тармақпен сақталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью