Ұлттық банк басшысы ипотекасын неше жылда жапқанын айтты

18.06.2026

Sputnik.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

АСТАНА, 18 маусым – Sputnik. Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов өз ипотекасын неше жылда жапқанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сенаттың бүгінгі отырысында үкіметтің республикалық бюджетті атқарылуы туралы есебі тыңдалды. Ал ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов елдің қаржылық жағдайы жайында баяндама жасады. Отырыстан кейін журналистер банк басшысының жағдайын, мойында ипотеканың бар-жоғын сұрады.

Оған Сүлейменов: "Иә, менде кредит болған. Оны жауып тастадым. 10 жылдай төледім", - деп қысқа ғана қайырды.

Айта кетері, үкіметтің есебі бойынша 2025 жылда ел экономикасы 6,5 процентке өсті. Оған көлік, құрылыс, тау-кен өнеркәсібі және сауда салалары әсер етті. Орташа жалақы 442 мың теңге деңгейінде, ал жұмыссыздық деңгейі жыл бойы 4,6% болды. Былтырғы инфляция - 12,3%. Биыл мамыр айының қорытындысы бойынша инфляция 10,4 процентке дейін төмендеді. Осыған байланысты базалық мөлшерлемені түсіруге шешім қабылданған болатын.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью