Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/-1 п.т. дәлізімен жылдық 16,75 пайыз деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады", - делінген хабарламада.
Еске салайық, 5 маусымда Ұлттық банк базалық мөлшерлемені екі жыл ішінде алғаш рет жылдық 18 пайыздан 17 пайызға дейін төмендеткен болатын.
Айта кетейік, бұған дейін сарапшылар Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 17 пайыз деңгейінде сақтайды және оны төмендетуді жалғастырмайды деп болжаған болатын.
Жаңа шешім қашан қабылданады?Ұлттық банктің Ақша-несие саясаты комитеті базалық мөлшерлеменің тағдырын анықтайды. Отырыстар қатаң күнтізбеге сәйкес – жылына сегіз рет өткізіледі.
Келесі отырыс 4 қыркүйекте өтеді.
Базалық мөлшерлеме деген не?Базалық мөлшерлеме – Ұлттық банк ақша-кредит саясатының басты құралы. Ол банктердің ақшаны қандай пайызбен қарызға ала алатынын көрсетеді және көбіне халық пен бизнес үшін кредиттер мен депозиттер бойынша пайыздардың қандай болатынын айқындайды.
ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР
ІІМ егде жастағы жүргізушілер үшін маңызды мәлімдеме жасады
Бүгін 09:22 1
Бүгін 10:06 1
Ұлттық банктің бағалауы бойынша, оның өзгеруі инфляция деңгейіне бірден емес, шамамен 12-18 айдан кейін айтарлықтай әсер ете бастайды. Қысқа мерзімді перспективада мөлшерлеме өзгерісінің тиімділігі әлсіздеу болады.
Бұған дейін Ұлттық банк базалық мөлшерлемеге қатысты жоспарын бөлісті. Реттеуші ақпарына сәйкес, ол қазіргі ақша-кредит жағдайын, соның ішінде базалық мөлшерлемені 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының соңына дейін сақтауға ниетті.
Базалық мөлшерлеме қалай жұмыс істейді?Базалық мөлшерлеменің өзгеруі ақша нарығындағы пайыздық мөлшерлемелер мен айырбас бағамы арқылы инфляция деңгейіне әсер етеді. Базалық мөлшерлеме көтерілгенде, экономикадағы ақша "қымбаттайды" – кредиттер мен қарыздар бойынша пайыздар өседі. Нәтижесінде бизнес те, халық та аз жұмсап, көбірек жинай бастайды. Тұтынудың төмендеуі баға өсімін бәсеңдетеді, яғни инфляцияны тежейді.
Базалық мөлшерлеме теңгеге қалай әсер етеді?Ұлттық банк базалық мөлшерлемені төмендеткенде, ақша арзандайды. Қысқа мерзімде бұл әдетте теңгенің әлсіреуіне әкеледі – валюта нарығына қатысушылар бағамның төмендеуін күтіп, ұлттық валютаға қарсы ойнай бастайды. Ұзақ мерзімді перспективада мөлшерлеменің төмендеуі инфляцияны бәсеңдетуі мүмкін, бұл, керісінше, теңгенің нығаюына септігін тигізеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу