Sputnik.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
АСТАНА, 17 шілде – Sputnik. Ұлттық банк "Қазақстанның інжу-маржандары" сериясынан "BURABAY", "Қазақстанның ежелгі қалалары" сериясынан "SYǴANAQ" және "Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар" сериясынан "ТМД-ға 35 жыл" коллекциялық монеталарын айналымға шығарады.
© Нацбанк Казахстана"BURABAY" коллекциялық монетасы
"BURABAY" коллекциялық монетасы
© Нацбанк КазахстанаКоллекционная монета
Коллекционная монета
"BURABAY" монетасы түрлі-түсті баспа және интерференциялық құбылмалы қабат қолдану технологиясымен 925 сынамды күмістен дайындалған. Салмағы – 31,1 грамм, өлшемі – 45х30 мм, дайындау сапасы – "рrооf". Номиналы 1 000 теңгелік туынды 2 000 (екі мың) дана таралыммен шығарылды.
© Нацбанк Казахстана SYǴANAQ" коллекциялық монетасы
SYǴANAQ" коллекциялық монетасы
"SYǴANAQ" монетасы алтын жалатылып, 925 сынамды күмістен дайындалған. Салмағы – 24 грамм, диаметрі – 37 мм, дайындау сапасы – "рrооf". Номиналы 1 000 теңгелік туынды 1 000 (бір мың) дана таралыммен шығарылды.
© Нацбанк Казахстана"ТМД-ға 35 жыл" коллекциялық монетасы
"ТМД-ға 35 жыл" коллекциялық монетасы
"ТМД-ға 35 жыл" монетасы түрлі-түсті баспа қолдану технологиясымен 925 сынамды күмістен дайындалған. Салмағы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, дайындау сапасы – "рrооf". Номиналы 1 000 теңгелік туынды 1 000 (бір мың) дана таралыммен шығарылды.
Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өздерінің белгіленген құны бойынша төлемнің барлық түрінде қабылданады. Сондай-ақ олар елдегі барлық банктердің шоттарына есепке алынады, аударылады, ұсақталады және айырбасталады.
Коллекциялық монеталар 2026 жылғы 20 шілдеден бастап ҚҰБ интернет-дүкені арқылы сатылады.