Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Аталған жоба «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу және дамыту, байланыс және банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2026 жылғы 16 қаңтардағы заңды іске асыру мақсатында әзірленген.
— Цифрлық теңгені шығару, айналысқа жіберу және өтеу қағидалары бекітіледі. Сонымен қатар жоба цифрлық шоттарды ашу, жүргізу және жабу тәртібін, цифрлық теңгені таңбалау мен смарт-келісімшарттарды қолдану тетіктерін, сондай-ақ қатысушыларға қойылатын талаптар мен олардың цифрлық теңге платформасында өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындауды көздейді, — делінген құжатта.
Бұған дейін Сәуірде мемлекеттік шығынды цифрлық теңгеге көшірудің жоспары бекітілетінін жазғанбыз.