Ұлттық банк мұнай бағасы болжамын өзгертті

06.03.2026

Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Оның мәліметінше, мұнайдың әлемдік нарығындағы ахуал бұлыңғыр болып отыр. Бұл ретте Таяу Шығыста ахуалдың ушығуына байланысты биыл бірінші жартыжылдықта мұнай бағасы уақытша артуы мүмкін.

- Мұнай нарығындағы ахуал бұлыңғыр. 2026 жылға арналған базалық сценарийімізде мұнай бағасына қатысты алғышарт Таяу Шығыстағы нақты ахуалды ескере отырып, өткен болжаммен салыстырғанда арттыру жағына қарай қайта қаралды. Біздің болжамымызша, Brent маркалы мұнайдың орташа бағасы 66,3 долларды құрайды, - деді ол Ұлттық банкте өткен брифингте.

ҰБ төрағасы жыл ішінде мұнай бағасының біртіндеп төмендейтінін, әлемдік сұраныс пен ұсыныстың теңгеріліміне қарай бір барреліне 60 доллар шамамасында болатынын айтады.

Естеріңізге сала кетсек, Ұлттық банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п. т. дәлізімен жылдық 18% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью