Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Фото: forbes.kz
Оның айтуынша, ел экономикасының негізгі көрсеткіштері оң динамиканы сақтап отыр. Жыл басында мұнай бағасы барреліне шамамен 67-70 доллар деңгейінде болса, қазір 100 доллар шамасында тұрақтанған. Ұлттық банк төрағасының сөзінше, валюта нарығындағы қазіргі өзгерістер қалыпты нарықтық үдеріс саналады.
«Доллардың әлсіреуі мен қайта нығаюы – нарық заңдылықтарына сәйкес жүріп жатқан қалыпты құбылыс. Егер қандай да бір сыртқы күйзелістер болмаса, ұлттық валюта бағамының әлсіреуіне негіз жоқ», деді Тимур Сүлейменов.
Еске сала кетейік, Ұлттық банк ұсынған мәлімет бойынша бүгін айырбастау орындарында 1 доллар 485,34 теңгеден саудаланып жатыр.