Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа бір күндік көлемі бір айда 359 млн АҚШ долларынан 306 млн АҚШ долларына дейін төмендеді. Сауда-саттықтың жалпы көлемі 5,8 млрд АҚШ доллары болды.
Қаңтар айында Ұлттық қордан 350 млн АҚШ долларында валюта сатылды, бұл республикалық бюджетке трансферт бөлуді қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Ұлттық қордан сату үлесі жалпы сауда-саттық көлемінің 6%-ы болды немесе ол – күніне 18,5 млн АҚШ долларынан аспайтын мөлшер.
Күтілетін фискалдық түсімдерді ескергенде, Үкіметтің алдын ала болжамды өтінімдері бойынша ақпан айында республикалық бюджетке трансферт бөлуге Ұлттық банк Ұлттық қордан 350 млн АҚШ долларынан 450 млн АҚШ долларына дейінгі мөлшерде валюта сатылады деп болжайды.
Қаңтар айында айналау операциясы аясында 350 млрд теңге алынды. Ақпанның ішінде осы мақсатта 350 млрд теңге баламасында валюта сату күтіледі.
Ұлттық қор қаражатымен операциялар жүргізу кезінде, сондай-ақ айналау тетігін іске асыру кезінде Ұлттық банк нарықтың бейтарап қағидатын сақтайды, бұл шетел валютасын тұрақты және біркелкі сатуды білдіреді.
Ұлттық банк қаңтарда валюталық интервенциялар жүргізген жоқ.
Өткен айдың қорытындысы бойынша квазимемлекеттік сектор субъектілерінде валюталық түсімінің бір бөлігін міндетті сату нормасы аясында валюта түсімін сату көлемі шамамен 206 млн АҚШ доллар болды.
Осыған дейінгі жоспарға сәйкес, БЖЗҚ валюталық активтердің үлесі 40%-дан асатынын екенін ескергенде, Ұлттық банк қаңтар айында зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліне АҚШ долларын сатып алмады. Ақпанда да валюта сатып алуға қатысты жоспар жоқ.
Ашықтық қағидаты аясында Ұлттық банк валюта нарығында жүргізілетін операциялар туралы ақпаратты толық ашып көрсетуді жалғастырады.
Қысқамерзімді келешекте теңгенің динамикасы нарыққа қатысушылардың күтулеріне, тоқсандық салық төлемдеріне, әлемдік нарықтардағы ахуалға және геосаяси жағдайдың өзгеруіне байланысты болады. Ұлттық банк теңгерімсіздіктің жинақталуына жол бермейтін және алтын-валюта резервтерінің сақталуын қамтамасыз ететін қолайлы бағам белгілеу режимін ұстана береді.
Айта кетелік Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18% деңгейінде қалдырған еді.