Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
- Ұлттық банк ретінде жинақтан қаражаттың барынша аз алынғанын қалаймыз. Бұл активтердің мақсаты - болашақта адамдар зейнетке шыққан кезде, зейнетақы төлемдерін қамтамасыз ету. Егер адамдар артық қаражатты (жеткіліктілік шегінен асқан) мерзімінен бұрын алған кезде, жинақтағы сома азаяды. Сондықтан адамдардың зейнетақысы жеткілікті болуы үшін бұл қаражаттың қомақта сомада сақталуына мүдделіміз, - деді Б. Шолпанқұлов Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Айта кетейік, БЖЗҚ зейнетақы жинағының ең төменгі жеткіліктілік шегін 10 пайыз көтерді.
Сонымен қатар бұдан былай зейнетақы жинағына пластикалық операция жасауға тыйым салынды.
Еске салсақ, биыл күзде «Отбасы банк» пен Денсаулық сақтау министрлігі бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан азаматтардың жинағының бір бөлігін тіс емдеуге алуға шектеу қоюға шешім шығарған.