Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Ұлттық экономика министрлігі әлеуметтік желілерде тарап жатқан банк депозиттері бойынша сыйақыларға 5 пайыздық салық енгізу туралы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді. Ведомство мәліметінше, бұл мәлімет шындыққа жанаспайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Ұлттық экономика министрлігі Салық кодексінің 430-бабына сәйкес, жеке тұлғаларға олардың банктердегі салымдары (депозиттері) бойынша төленетін сыйақыларға жеке табыс салығы салынбайтынын еске салды.
"Үкімет бұл норманың күшін жою және депозит сыйақыларына салық енгізу мәселесін қарастырып жатқан жоқ", - деп толықтырды министрліктегілер.
Айта кетейік, мұндай салықты Өзбекстанда енгізу ұсынылған болатын. Бұл туралы шілдеде жергілікті БАҚ хабарлады.
Сонымен қатар 15 қыркүйекке дейін кейбір қазақстандықтар 270.00 нысаны бойынша табыстары мен мүлкі туралы декларация тапсыруы қажет. 2026 жылы кімдер есеп беруге міндетті және қандай мәліметтерді көрсету керек екені туралы мына материалдан оқыңыз.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу