Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
- Көлік министрлігіне «Самұрық-Қазына» қорымен бірге бір апта мерзімде жаңа халықаралық әуе рейстерін іске қосу және ұлттық карго-тасымалдаушының алдағы қызметі жөнінде нақты ұсыныстар енгізуді тапсырамын, - деді ол.
Олжас Бектенов Көлік және Энергетика министрліктеріне «Қазмұнайгаз» компаниясымен бірге авиаотын бағасын реттеуді тапсырды.
- Теміржол саласында биыл «Қызылжар – Мойынты», «Дарбаза – Мақтаарал», «Алтынкөл – Жетіген» және «Жезқазған – Сексеуіл» жобаларын аяқтау қажет, - деді Премьер-министр.
Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев V Ұлттық құрылтайда жүк тасымалдайтын әуе компаниясын құру туралы тапсырмасы дұрыс орындалмай жатқанын айтып, Үкіметтің шешімін сынаған.
Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.