Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, қала мектептерінде кітаптарды бірге талқылауға бағытталған іс-шаралар циклі басталды.
Кітап бұл жерде тапсырма орындау емес, ортақ әңгіме мен қызығушылықтың өзегіне айналды. Әдеби батлдарда оқушылар кейіпкерлер мен сюжеттерді талдап, өз ұстанымдарын қорғайды. Поэзиялық марафондарда классикалық шығармалар мен қазіргі авторлардың өлеңдері оқылып, оқушылар бірден пікір алмасып, диалогқа түседі.
Мектеп кітапханаларында «Жаңалық» жобасы іске қосылып, кітап бұрыштары пайда болды, шеберлік сағаттары өтіп жатыр, ал ескі кітаптар қайта жаңғырып келеді. Буккроссинг шарасы ерекше қызығушылық тудырып, кітаптар қолдан қолға өтіп, жаңа оқырманын тауып жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін Ұлттық кітап күні қарсаңында елде қандай іс-шаралар өтетінін жазған едік.