Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Азаматтық секторда ұшқышсыз әуе кемелерін (ҰӘКЖ) пайдалану қарқыны артып, кәсіби даярланған мамандарға сұраныс күшейіп келеді. Осыған байланысты «Қазақстан инжиниринг» R&D орталығы» ЖШС дрон басқара алатын, ұшқышсыз әуе кемелері жүйелерін кәсіби деңгейде меңгерген операторларды даярлауға арналған оқу бағдарламаларын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Фото: Қорғаныс министрлігі (архив)
Бүгінде дрон операторының жұмысы тек құрылғыны басқарумен шектелмейді. Мамандар ұшу жоспарларын әзірлеуді, деректерді өңдеуді және күрделі техникалық қызмет көрсетуді меңгеру тиіс. Қарапайым құрылғыларды басқару өнеркәсіптік дрондарды игеруге жеткіліксіз. Ұшқышсыз әуе кемелері автоматты режимде ұша алғанымен, маршрут құру, қажетті ақпаратты жинау, мультиспектрлі камера немесе тепловизор секілді күрделі жабдықтардың жұмысын түсіну жоғары біліктілікті талап етеді. Сондықтан операторлар модельдеу, бағдарламалау негіздерін, сондай-ақ дрондарды басқаруға арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді жақсы білуі қажет.
Роботтар мен дрондар электр-жылу желілерін диагностикалау үшін қолданылмақ
Осы сұранысты ескере отырып, орталық 1 және 2 санаттағы ҰӘКЖ операторларына арналған оқу курстарын әзірледі. Бағдарламалар теориялық білімді қалыптастырумен қатар, практикалық дағдыларды дамытуға бағытталған.
1-санат. ҰӘКЖ операторының базалық даярлығы жеке мақсатта максималды ұшып көтерілу салмағы 25 келіге дейінгі көп роторлы және тікұшақ типті дрондарды пайдаланатындарға арналған. Оқыту толықтай теориялық сипатта өтеді және ұшқышсыз жүйелерді қауіпсіз әрі сауатты қолдануға қажетті іргелі білім береді. Тыңдаушылар ұлттық және халықаралық авиация заңнамасының негіздерін, әуе кеңістігінің құрылымын, ұшуға рұқсат алу тәртібін меңгереді. Сонымен қатар авиациялық қауіпсіздік, тәуекелдерді талдау, ықтимал қатерлерді анықтау және стандартты емес жағдайда дұрыс шешім қабылдау мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді. Курс 24 сағатқа есептелген, аптасына 4 күн, күніне 6 сағаттан өтеді.
Қазақстандық инженер АҚШ-тағы ең үздік 10 дрон әзірлеушінің қатарына кірді
2-санат. ҰӘКЖ операторы бағдарламасы (MID Rating) максималды ұшып көтерілу салмағы 25 келіге дейінгі барлық типтегі дрондармен жұмыс істейтін мамандарға арналған. Бұл курс теориялық және практикалық оқытуды қамтып, оператордың кәсіби қызметіне қажетті арнайы білім мен дағдыларды қалыптастыруды көздейді. Теориялық бөлімді аяқтаған соң тыңдаушылар ұшқышсыз жүйелердің жұмыс істеу қағидаттарын, алгоритмдерін терең меңгеріп, практикалық тапсырмаларды сенімді орындауға мүмкіндік алады.
Айта кетейік, практикалық сабақтар көп роторлы дрон операторларының бастапқы ұшу даярлығына бағытталған. Курс барысында студенттер ұшу алдындағы дайындық, жинақтау және тексеру рәсімдерін, түрлі ұшу тапсырмаларын құрастыру мен орындау тәсілдерін үйренеді. Практикалық бөлімнің жалпы ұзақтығы 48 сағатты құрайды, яғни аптада 6 оқу күні, әр күніне 8 сағаттан өтеді.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің хабарлауынша, оқу бағдарламалары бойынша толық ақпаратты Астана қаласы, Әуезов көшесі, 2 мекенжайынан немесе арнайы байланыс нөмірлері (+7 777 614 27 19, +7 702 505 70 09) арқылы алуға болады.
Соңғы жаңалықтар
АҚШ-та дауыл салдарынан кемінде 26 адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 10:26
Қарашығанақ операторлары Қазақстанға 4 млрд доллар өтемақы төлейді
Заң • Бүгін, 10:18
Мемлекет басшысы Израиль Президенті Ицхак Герцогқа жеделхат жолдады
Президент • Бүгін, 10:04
Картоп пен сәбіз: 2026 жылы тапшылық қаупі бар ма?
Экономика • Бүгін, 10:01
Жаркенттегі қатыгездік: Баласын аяусыз ұрған әйел 7 жылға сотталуы мүмкін
Оқиға • Бүгін, 09:50
Алматыда автобус жүргізушісі жол үстінде көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 09:37
Жел, боран және көктайғақ: Алдағы үш күнде ауа райы қалай құбылады?
Ауа райы • Бүгін, 09:23
Қазақстанда қазір қандай жолдар жабық тұр?
Ауа райы • Бүгін, 09:14
Ата заң реформасы ауқымды өзгерісті қамтиды
Ата заң • Бүгін, 09:05
Заң мен тәртіп – мемлекеттік саясаттың басты қағидаты
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:00
Әлеуметтік бағытты бекемдеген бастама
Қоғам • Бүгін, 08:55
Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50
Әлемдік тәжірибедегі бір палаталы Парламент тиімділігі
Құрылтай • Бүгін, 08:48
Қоғам • Бүгін, 08:45
Тәуелсіздік, бірлік һәм жаһандық жауапкершілік
Пікір • Бүгін, 08:43