Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Оның айтуынша, өнеркәсіптік қауіпсіздікті арттыру үшін жасанды интеллекті қолданылатын болады.
— Жүйе бейнеағындарды автоматты талдап, нақты уақытта қауіпсіздік бұзушылықтарын анықтайды. Бұл бақылауды күшейтіп, жедел әрекет етуге және апаттардың алдын алуға мүмкіндік береді. Пилоттық енгізу министрлік жетекшілік ететін ұлттық компаниялардың объектілерінде көзделген. Күтілетін нәтиже — өндірістік оқиғаларды 78 пайызға дейін төмендету және жылына 2,84 млрд теңгеге дейін экономикалық әсерге қол жеткізу, — деді министр.
Сондай-ақ ол табиғи газ тұтынды болжау үшін жасанды интеллекті қолдану қолға алынатынын айтты.
— Жүйе мобильді қосымша арқылы газ есептегіш көрсеткіштері мен сериялық нөмірін фото арқылы автоматты таниды, деректерді тез әрі қатесіз жіберуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар жасанды интеллект газ тұтынуды болжайды. Бұл жеткізуді жоспарлау сапасын арттырады. Күтілетін нәтиже — деректерді беру дәлдігін 86 пайызға дейін арттыру, сондай-ақ газбен жабдықтау операторының шығындарын оңтайландыру есебінен жылына 300 млн теңгеге дейін экономикалық әсерге қол жеткізу, — деді Ерлан Ақкенженов.
Бұған дейін мұнай өндіру ұңғымаларын онлайн бақылайтын отандық жүйе экспортқа шығарылатынын жазған едік.