Ұлттық өнер Сочи сахнасында

18.07.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

«Роза Холл» концерт залында театрдың балет әртістері мен HasSak этно-фольклор­лық тобы өнер көрсетті. Би өнері, дәстүрлі музыкалық аспаптардың үні, сахнаның безендірілуі біртұтас көркем кеңістік қалыптастырып, ұлттық болмыс, ел тарихы және ұрпақтар сабақтастығы тақырыптарын терең аша түсті.

Бағдарламаға «Той бас­тар», «Аралым», «Қилы заман», «Мәңгүрт» және өзге де қойылымдар енді. Сонымен бірге «Мәңгіліктің төрт сыры» жаңа балетінен дуэт орындалды. Кеш «RUH» қойылымымен аяқталып, балет әртістері мен HasSak тобының өнерпаздары бір сахнада өнер көрсетті.

Хореограф Сұлтанбек Ғұмардың қойылымдары ұлт­­тық болмысты классика­лық және заманауи бидің үй­­лесімі арқылы әсерлі жет­кізді. Қойылымдарда хорео­графияның ұлттық саз аспап­тарының үнімен ұштасуына айрықша мән берілді.

«Астана Операның» гастролі 11–16 шілде ара­лы­­ғында өтті. Осы күндері ­театр Лео Делибтің «Коп­пе­лия» бале­тін Ролан Петидің хореогра­фиясымен және әлемдік классика мен зама­науи хореография туынды­ларынан құралған гала-концертті де ұйымдастырды.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью