Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Алматыдағы Ұлттық орталық музейде «Қазақстан графикасы» көрме-биенналесі ашылды. Сызық пен штрихтың сырлы әлемін сөйлетіп, графика өнерінің бүгінгі тынысын танытқан көрмеге үздік шеберлердің туындылары қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экспозицияда Қазақстан Суретшілер одағы мүшелері мен елге белгілі қылқалам шеберлері, Қазақстан өнер академиясы өкілдері және «Алмалы палитра» шығармашылық бірлестігінің суретшілерімен қатар, жаңа буын графиктердің туындылары тоғысқан.
Графика – сырттай қарағанда ұстамды, ал ішкі иірімінде аса күрделі өнер. Қағаз бетіндегі қарапайым сызықтар мен нәзік реңктер арқылы суретшілер уақыт пен кеңістікті, адам болмысы мен қоғам тынысын бейнелейді. Мұндағы туындылар көрерменді үнсіз диалогқа шақырып, ой тереңіне жетелейді.
Юрген Боос: Қазақстан Франкфурт кітап көрмесіне қонақ болуға лайық
Айта кетерлігі, ел тәуелсіздігінен бергі отыз жылдан астам уақытта станоктық графикаға арналған мұндай ауқымды көрме екінші рет ұйымдастырылып отыр. Бұл – ұлттық өнер кеңістігінде графиканың орны мен маңызын қайта бағамдауға жол ашқан маңызды қадам.
Көрмеге Алматы, Астана, Қарағанды, Шымкент, Тараз сынды сегіз өңірден келген суретшілер қатысып, жүзден астам туынды ұсынылған. Офорт, литография, линогравюра секілді классикалық әдістер мен заманауи эксперименттік ізденістер қатар өріліп, ұлттық болмыс, тарихи жад, бүгінгі қоғамның күрделі мәселелері көркем тілде бедерленген.
ЖИ көмегімен жаңарған мұра: Ежелгі петроглифтер көрмеге қойылады
Хашим Курбанов, Марлан Нысанбаев, Балтас Оспан, Лидия Дроздова, Виктор Поликарпов сынды танымал графиктер мен жас суретшілердің еңбектері бір кеңістікте тоғысып, көрерменге тұтас бір көркемдік панорама ұсынды.
Соңғы жаңалықтар
Ұлттық орталық музейде айрықша сурет көрмесі ашылды
Руханият • Бүгін, 10:06
Ақ халатты алаяқтар көбейді: Денсаулық сақтау министрлігі азаматтарға ескерту жасады
Қоғам • Бүгін, 10:04
Астанада қауіпті көше жарысын ұйымдастырғандар жауапқа тартылды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:53
Үкімет жаңа тұжырымдаманы бекітті: Бокс саласында қандай өзгеріс болады?
Үкімет • Бүгін, 09:47
Еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, тұман түседі
Ауа райы • Бүгін, 09:32
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:18
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:15
Әлем чемпионатына қатысатын командалар анықталды
Футбол • Бүгін, 09:10
«Елорда тазалығы – бәрімізге ортақ жауапкершілік»
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:07
Ұлттық құрама – турнир жеңімпазы
Спорт • Бүгін, 09:05
Спорт • Бүгін, 09:03
Бауыржан Тахауов: Қайсар рух та қолдауды қажет етеді
Спорт • Бүгін, 09:00
Алаш тұлғасының қаламгерлік бастауы
Зерде • Бүгін, 08:58
Қылмыс • Бүгін, 08:55
Мультимедиа • Бүгін, 08:53