Ұлттық қор балаларға :

08.01.2026

Qazaq24.com, 7kun.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында 2008 жылы туған, яғни биыл 18 жасқа толатын қазақстандықтардың шотына тиісті қаражат 2026 жылдың 1 ақпанына дейін аударылады.
Бұл туралы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының баспасөз қызметі мәлімдеді.

БЖЗҚ мәліметінше, әрбір баланың үлесі белгіленген мерзімге дейін жеке шотына толық көлемде түседі.

– 2008 жылы туған балалардың шотына қаражат 2026 жылдың 1 ақпанына дейін аударылады. Олар 18 жасқа толғаннан кейін бұл қаражатты заң аясында пайдалана алады, – деп хабарлады қор өкілдері.

Айта кетейік, 2025 жылғы Ұлттық қор табысы еліміздегі 18 жасқа толмаған барлық балалардың жеке шотына тең бөлінеді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью