Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Елімізде 18 жасқа толған азаматтар «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында жинақталған қаражатты толық көлемде пайдалану құқығына ие. Отбасы банктің мәліметінше, соңғы үш жылда әрбір кәмелетке толған тұрғынның шотына орта есеппен 370,56 доллар түскен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Фото: Depositphotos
Аталған қаражатты тек екі мақсатта: тұрғын үй жағдайын жақсарту немесе білім ақысын төлеуге жұмсауға болады. Өтінімдер «Отбасы банктің» онлайн платформасы арқылы қабылданады. Банк деректеріне сүйенсек, әлі күнге дейін Ұлттық қордан түскен ақшаны пайдаланбай жүргендер бар.
«Бұл қаражат қазір БЖЗҚ-дағы шоттарда сақталып тұр. Алайда оған ешқандай қосымша табыс есептелмейтінін ескеру қажет. Егер 10 жыл ішінде бұл ақша пайдаланылмаса, ол автоматты түрде азаматтың зейнетақы шотына аударылады», деп мәлімдеді банк өкілдері.
78 мыңнан аса бала «Ұлттық қордан» түскен қаржыға оқу ақысын төлеген
Бүгінде ел тұрғындары Ұлттық қордан түскен қаржыны көбіне ел ішіндегі оқу ақысын төлеуге, «Aqyl» білім беру депозитін толықтыруға немесе оқу үшін алған несиенің бір бөлігін өтеуге жұмсап отыр. Ал егер білім алуға ақша жұмсаудың қажеттілігі болмаса, бұл қаржыны «Отбасы банктегі» депозитке аударуға мүмкіндік бар. Мұндай жағдай жинақ иесіне қосымша табыс әкеледі.
Банк мамандарының айтуынша, шағын сома болса да, депозитке салынған қаражат «жұмыс істей» бастайды.
«Тіпті аз ғана жинақтың өзі салымшы үшін жұмыс істейді. Оған банктің 2% сыйақысы мен мемлекеттің 20% сыйақысы (200 АЕК-тен аспайтын сомаға) қосылады. Депозиттің жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі мемлекет сыйақысын есептегенде жылдық 14%-ға дейін жетеді. Депозиттің болуы жас салымшыға жеке баспанасын аз шығынмен сатып алуға көмектеседі. Жинақ шотын тұрақты түрде толықтырып отырса, жылдық мөлшерлемесі 3,5% бен 8,5% аралығында болатын тұрғын үй қарызын алуға кепілдік беріледі», деп атап өтті банк өкілдері.
Қазірдің өзінде 18 жасқа толған азаматтар осы кеңеске құлақ асып, Ұлттық қордағы ақшасын «Отбасы банктегі» есепшотына аударып үлгерген. Бүгінде бұл бағыт бойынша 112 818 өтінім өңделді. Сондай-ақ бұл қаржыны пәтер сатып алу кезінде алғашқы жарна ретінде немесе үйдің ақысын толық төлеу үшін де пайдалануға болады.
Еске сала кетейік, шотқа түскен қаражатты eGov mobile қосымшасынан, кейбір екінші деңгейлі банктердің сервистерінен немесе БЖЗҚ сайтынан тексеруге болады.
«Ұлттық қор – балаларға»: 18 жасқа толған 200 мыңнан астам қатысушы мақсатты жинақтарын пайдаланды
Соңғы жаңалықтар
Күніне 18,5 млн доллар: Ұлттық қордан қанша валюта сатылды?
Қоғам • Бүгін, 15:33
Күрестен халықаралық турнир: Жәмилә Бақбергенова алтын медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 15:23
Мұнай алпауыттары Қашағандағы экологиялық талаптарды бұзып келген
Экология • Бүгін, 15:10
Шайбалы хоккейден халықаралық турнирге қатысатын құрам белгілі болды
Хоккей • Бүгін, 15:02
Үндістан Қазақстан азаматтары үшін бір айға тегін виза ұсынды
Әлем • Бүгін, 14:55
Енді қызылшаға қарсы вакцина міндетті: Астана ауруханаларына бала қабылдау ережесі өзгерді
Елорда • Бүгін, 14:43
Ғылымды бюджет есебінен қаржыландыру 3,5 есе ұлғайды
Үкімет • Бүгін, 14:22
Маңғыстаулық студент ұшақ бортында жолаушыға жәрдемдесті
Аймақтар • Бүгін, 14:18
«Жасыл аймақ» басшылығы неліктен жұмысшылардың ақысын төлемеген?
Аймақтар • Бүгін, 14:06
Қару-жарақ пен валюта: Шекарада заңсыз жүк тасымалының жолы кесілді
Қазақстан • Бүгін, 13:33
25% және 33% жеңілдік: Зейнеткерлер мен жастар үшін пойыз билеті арзандайды
Қоғам • Бүгін, 12:47
«Салық жүйесінде қайта тіркелу керек»: Алаяқтарға сенген ақтөбелік 12 млн теңгесінен айырылды
Оқиға • Бүгін, 12:33
Алматыда Балалардың құқығын қорғау басқармасы құрылады
Қоғам • Бүгін, 12:27
Астанада ұландықтар есірткі қылмысының жолын кесті
Әскер • Бүгін, 12:17
Ақпан қан тапсыру айы деп жарияланды: Ақмарал Әлназарова қан доноры болды
Медицина • Бүгін, 12:08