Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
АСТАНА, 6 қараша – Sputnik. Қазақстанның барлық өңірінде әлеуметтік, көлік және инженерлік инфрақұрылым жобаларына Ұлттық қордан шамамен 6,5 трлн теңге (14 млрд доллар) бөлінеді. Бұл туралы республика үкіметі хабарлады.
Қазіргі уақытта жалпы сомасы 1,5 трлн теңгені (3,3 млрд доллар) құрайтын 262 жоба мақұлданған.
Үкімет Ұлттық қор қаражатының қалай жұмсалатынын қатаң бақылауға алуға уәде берді.