Ұлттық қордан үш жылда қанша ақша алынады

25.08.2026

Sputnik.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

АСТАНА, 25 тамыз – Sputnik. Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов алдағы үш жылда ұлттық қордан алынатын қаржының көлемін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оның айтуынша кепілдендірілген трансферт көлемі 2027 және 2028 жылдары 2 трлн 430 млрд теңге, ал 2029 жылы 2 трлн теңге көлемінде айқындалып отыр. Яғни үш жылда 6,86 трлн теңге бөлінеді.

Бұдан бөлек, аса маңызды нысандар мен жалпы ел үшін маңызы бар жобаларды қаржыландыруға Ұлттық қордан 2027 жылы 2 трлн теңге және 2028 – 2029 жылдары әр жылға 1,5 трлн теңге – барлығы 5 трлн теңге нысаналы трансферт қарастырылған. Осылайша 2027–2029 жылдары Ұлттық қордан жалпы көлемі 11,86 трлн теңге қаржы алынады.

"Үкімет жоспарына сәйкес, қаражат әлеуметтік, коммуналдық, энергетикалық және көлік инфрақұрылымы объектілерін қаржыландыруға бағытталады", - деді Сүлейменов үкіметтің бүгінгі отырысында.

Айта кетері, 2025 жылы ұлттық қордан 5,7 трлн теңге, ал 2024 жылы 6 трлн теңгеден артық қаражат алынған болатын.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью