Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Кеше елордада «Ауыл» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтіп, партия мүшелері, Парламент депутаттары мен қоғам белсенділері Конституцияның жаңа жобасын талқылап, оған бірауыздан қолдау білдірді.
Сурет: pavlodarnews.kz
Жиынды ашқан партия төрағасы, Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның мүшесі Серік Егізбаев Ата заң жобасын ел дамуының жаңа философиясы әрі «Әділетті Қазақстан» идеясының құқықтық іргетасы деп атады. «Бұл құжат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған саяси реформалардың заңды жалғасы. Жаңа бір палаталы Парламент – Құрылтайдың құрылуы партиялық жүйені жандандырып, ауыл еңбеккерлерінің мүддесін жаңа деңгейде қорғауға жол ашады. Біз үшін басты байлық – табиғи ресурс емес, білімді, адал әрі бәсекеге қабілетті азамат», деп атап өтті С.Егізбаев.
Отырыс барысында саяси реформаның негізгі бағыттары бойынша жарыссөздер жүргізіліп, спикерлер өз тұжырымдарын ортаға салды. Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаев 145 депутаттан тұратын Құрылтайдың тарихи маңызына тоқталды. Оның айтуынша, бір палаталы модель бюрократиялық кедергілерді жойып, билік тетіктерінің ашықтығы мен тиімділігін арттырады.
Партия ардагері Мынаутаубиік Әнесов Ата заңда тарихи-мәдени мұраны сақтау мен «Дін мемлекеттен бөлек» қағидатының нақтылануын жоғары бағалады. «Бұл нормалар ұлттық құндылықтарды қорғаудың құқықтық кепілі болмақ», деді ол өз сөзінде.
Сонымен бірге жиында Түркістан облыстық филиалының өкілі, облыстық мәслихат депутаты Нұржан Әжіметов, Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат депутаты Ольга Клишина, Қызылорда облыстық мәслихат депутаты Садық Мұстафа, Қостанай облыстық мәслихат депутаты Динара Ахметова сөз алып, жобаға қатысты ойларын ортаға салды.
Жиын соңында «Ауыл» партиясы Саяси кеңесінің мүшелері Конституция жобасын мұқият зерделеуге, оны жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жандандыруға әрі шындыққа жанаспайтын арандатушылық жарияланымдардың жетегінде кетпеуге шақыратын Үндеу қабылдады.
Соңғы жаңалықтар
Әдебиеттің айбоздары анықталды
Қоғам • Бүгін, 09:05
Ата заң: Елдік мұрат жолындағы ортақ ұстаным
Реформа • Бүгін, 09:00
Саясат • Бүгін, 08:58
Ашық, сындарлы диалог жалғасады
Саясат • Бүгін, 08:55
Стратегиялық бағыттың логикалық жалғасы
Ата заң • Бүгін, 08:53
Пікір • Бүгін, 08:50
Қазақстандағы реформалар – әлем назарында
Реформа • Бүгін, 08:48
Бейнебақылау қылмысқа тосқауыл болса игі
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 08:45
Жаңарған Конституция және халықаралық тәжірибе
Пікір • Бүгін, 08:43
Қаржы жүйесін цифрландыру халыққа қаншалықты тиімді?
Қаржы • Бүгін, 08:40
Жобаның тұжырымдары ғылыми тұрғыдан талқыланды
Саясат • Бүгін, 08:38
Ұңғыманы сынау жұмыстары нәтижелі болды
Экономика • Бүгін, 08:35
Жолдағы «қаралы статистика» қашан азаяды?
Мәселе • Бүгін, 08:33
Сталкинг пен алаяқтық қатаң жазаланады
Құқық • Бүгін, 08:30
Аймақтар • Бүгін, 08:27