Ұлттық құрама Сурдлимпиада ойындарына аттанды

08.11.2025

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Бүгін Алматыда Қазақстан құрамасын XXV жазғы Сурдлимпиада ойындарына шығарып салу рәсімі өтті.

Салатанатты шараға туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов қатысты. Министр ұлттық құрама капитанына Мемлекеттік туды табыстап, спортшыларға барлық жағдай жасалып жатқанын атап өтті. Мысалы, 2029 жылға дейін елде 113 жаңа спорт нысаны салынады. Ал жақын арада Ұлттық спорт университеті құрылады. Токиода болатын ойындардың ашылу салтанатында мемлекеттік туды былтырғы Сурдлимпиада жүлдегерлері, дзюдодан спорт шеберлері Айдос Түгелбаев пен Анна Краморова алып жүреді. Сурдлимпиада 15-26 қараша аралығында өтеді. Оған 80 елден шамамен 3 мыңға жуық адам қатысады. 78 қазақстандық спортшы жеңіл атлетика, еркін және грек-рим күресі, бадминтон, үстел теннисі, жүзу, дзюдо және таэквондодан сынға түседі. 

Марат Қасқырбаев, ҚР ТСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің басқарма басшысы:

- Сурдлимпиада ойындарының тарихы мықты деп айтуға болады. Алтын, күміс, қола жалпы қатысқан сурдлимпиада суд ойындарында 42 медаль алды Қазақстан құрамасы. Биыл құрама 14 халықаралық жарысқа қатысты. Сол жарыстарда 98 медальға ие болды. Біз ойлаймыз біздің спортшылыарымыз жақсы нәтиже көрсетеді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью