Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Футболдан еліміздің ұлттық құрамасы Астанада өткен FIFA Series 2026 турнирінде чемпион атанды. Талғат Байсуфинов бастайтын бас команда елорда төрінде Намибия мен Комор аралдары құрамаларын жеңді.
Үш құрама арасында өткен турнирде біздің жігіттер екінші матчты Комор аралдарына қарсы өткізіп, 1.0 есебімен басым түсті. 4-минутта Рамазан Оразов еншісіне гол жазып, құрамаға жеңіс әкелді.
– Бізге тағы да гол соғатын мүмкіндік туды, бірақ оны мүлт жібердік. Қарсыластарды осал деуге әсте келмейді, бізбен деңгейлес құрамалар. Жаңа маусым алдында тәжірибемізді шыңдауға орайлы турнир болды, – дейді ұлттық құрама ойыншысы Р.Оразов.
Ұлттық құрама ойыншылары алғашқы матчта Намибия ұлттық құрамасын 2:0 есебімен жеңген болатын. Тартысты ойында Ян Вороговский 12-минутта есеп ашып, Әлібек Қасым 79-минутта еншісіне гол жазды.
Бас бапкер Талғат Маруаұлы маусымашар турнирге құрама мүшелі төрт көзі түгел жиналғанын, оқу-жаттығу жиыны жоспарға сай өткенін айтты. Африка құрлығынан келген қос құрамаға қарсы тартысқа түсу артық-кем тұсты бағамдауға таптырмас мүмкіндік екенін жеткізді.
– Бұл екі құраманың кей ойыншылары біздің ішкі біріншілікте ойнайды, жігіттердің шама-шарқын біледі. Футболшылар өздеріне жүктелген сенімді ақтай білді. Біздің басты межеміз – Ұлттар лигасында жеңіске жету. Ел чемпионаты енді басталды, әр турдағы ойынды саралап, құрама қатарын толықтырамыз. Маусым айына жоспарланған жолдастық матч қарсаңында ұлттық команданың құрамы тағы бір сараланады. Қыркүйекте төрт бірдей ресми матчтың жауапкершілігі зор, – деді бас бапкер.
Білікті маман ұлттық құрамада буын алмасу кезеңі жүретіндіктен тәжірибелі ойыншылар мен жастарды тоқайластырып, қатар шыңдап, ойынның үйлесім табуына күш салынатынын да атап өтті.
Соңғы жаңалықтар
Таразда екі зауыт іске қосылды
Өндіріс • Бүгін, 08:20
Көрме • Бүгін, 08:17
Суды үнемдеуге тиянақты көзқарас керек
Қоғам • Бүгін, 08:15
Коммуналдық шаруашылық жүйесін жаңғырту жалғасады
Саясат • Бүгін, 08:12
Аңдатпа • Бүгін, 08:10
Бауырлас елдердің байланысы беки түседі
Саясат • Бүгін, 08:07
Театр • Бүгін, 08:05
Қазақстан мен Перу арасындағы келісім заңмен бекітілді
Саясат • Бүгін, 08:02
Әлем • Бүгін, 08:00
Ынтымақтастықты арттыруға ынталы
Саясат • Бүгін, 07:58
Мирас • Бүгін, 07:55
Симпозиум қатысушыларына құттықтау жолдады
Саясат • Бүгін, 07:53
Өнер • Бүгін, 07:50
Астанада 4 және 5 сәуір күндері кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Елорда • Кеше
Наурыз айында дәрі-дәрмектердің бағасы 25%-ға арзандады
Экономика • Кеше