Ұлттық құрамадағы атыраулық спортшылар саны артты

11.03.2026

Azh.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Видеодан скриншот

Атырау облысында олимпиадалық спорт түрлерінің саны 32-ге жетті. Қазіргі таңда өңірдегі 31 спорт мектебінде 19 мыңнан астам бала спорттың 21 түрімен айналысып жүр. Сонымен қатар мемлекеттік-спорттық тапсырыс аясында 20 мың бала тегін секцияларға қатысуда.

Олимпиадалық резерв орталығында 285 спортшы дайындалып жатса, мамандандырылған мектеп-интернатта 200-ден астам жас спортшы жаттығуда. Париж Паралимпиадасына Атыраудан 16 спортшы қатысып, паражеңіл атлетика мен паратеннистен ел тарихындағы алғашқы жолдамаларды жеңіп алды. Парадзюдодан екі спортшы қола медаль иеленді.

Облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының бөлім басшысы Аманжол Сағынғалиевтің айтуынша, өңірде олимпиадалық спортты дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Спортшылар республикалық және халықаралық жарыстарда жақсы нәтижелер көрсетіп келеді. Алдағы Азия ойындарына облыстан 20 спортшы үміткер ретінде қарастырылып отыр. Олимпиадаға қатысуға мүмкіндігі бар спортшылар да рейтингтік жарыстарға қатысып, көрсеткіштерін арттыруда.

Спорт инфрақұрылымы да тұрақты дамып келеді. Биыл 22 спорт кешенінің құрылысы аяқталмақ. Ұлттық құрама сапындағы атыраулық спортшылар саны да өсіп отыр: өткен жылы 188 болса, биыл олардың қатары 222-ге жетті.

Бүгін, 14:55

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью