Ұлттық құраманың тарихи жетістігі

17.11.2025

24.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Қоржынымызда қос қола! Қазақстандық сұрмергендер әлем чемпионатынан олжалы оралды.

Ерекшелігі сол, қазақстандық спортшылар тарихта алғаш рет командалық сындарда жүлдеге ілікті. Атап айтқанда, ерлер арасында 25 метрдегі нысананы тапаншамен атуда ұлттық құрама өкілдері үздік үштікті түйіндеді. Ел намысын Никита Чирюкин, Кирилл Федькин және Артемий Кабаков қорғаған болатын. Артынша қыздар құрамасы тағы да командалық сында жеңіс тұғырына көтерілді. Олар 50 метрдегі нысананы винтовкамен көздеуде қола жүлдегер атанды. Бұл жарысқа Александра Ле, Елизавета Безрукова және Арина Малиновская қатысты. Осылайша, Ольга Довгун жаттықтыратын спортшылар биылғы дүниежүзілік доданы сәтті түйіндеді. Айта кетейік, байрақты бәсекеге 71 елден 700-ге жуық спортшы қатысқан болатын. 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью