Ұлттық құрылтай: Қазақстанда жаңа консультативтік орган құрылады

20.01.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

— Халық Кеңесі өз мәні бойынша басқа елдердің консультативтік құрылымдарының тәжірибесін сіңірген жаңа мемлекеттік орган болады. Онда барлық этнос, ұлыстар мен аймақтар өкілдік алады. Қазақстанның Халық Кеңесі еліміздің жоғары консультативтік органы мәртебесіне ие болады, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы кеңес құрамын 126 адамнан асырмауды ұсынды. Этномәдени бірлестіктерден — 42, қоғамдық бірлестіктерден — 42, мәслихаттар мен өңірлік қоғамдық кеңестерден — 42 өкіл болу керектігі де айтылды.

— Халық Кеңесінің барлық мүшесін Президент тағайындайды, ал төрағаны оның мүшелері сайлайды. Халық Кеңесі төрағасының қоғамдық негізде ротациялық негізде тағайындалған екі орынбасары, сондай-ақ хатшылықтың басшысы болады, — деді Президент.

Айта кетейік, Kazinform Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдағы сөзін трансляциялап жатыр

Бұдан бұрын Конституцияның преамбуласы ұлттық құндылықтарымызды айшықтайтындай қайта жазылатыны белгілі болды.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью